Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендерге жаза күшейді

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті негізсіз қымбаттатқандарға салынатын айыппұл өсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Ернұр Жәутікбаев мәлімдеуінше, ішкі сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – халықты қолжетімді баға ұсыну және отандық өндірушілерді қолдау.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік саудасының үстемесін есептеу тәртібі қайта қаралды.

Сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асатындарға әкімшілік жауапкершілік күшейді. Бұрын қолданыстағы ескерту санкциясының орнына кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 5-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік айыппұл енді, – дейді Ернұр Жәутікбаев.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі жаңарып, жаңа 31 атау қосылды.

Министрліктің мәліметінше, қазір тиімсіз делдал санын қысқартуға, сауда үстемесін қалыптастыруға және сауда желісіндегі отандық өнім үлесін көбейтуге бағытталған жобалар әзірленіп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы «Алтын орда» базарында азық-түлік бағасын өсірген жеті саудагердің қызметі шектелді.

Мақалаға реакция