Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Антикор өкілдері Алматы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасының іске асырылуымен танысты

Фото: Антикор

Картаға сәйкес, аса өзекті бағыттардың бірі құрылыс және тұрғын үй, оның ішінде, әлеуметтік тұрғын үй бөлу, қала маңын дамыту, әлеуметтік объектілердің тапшылығы мәселелері болып табылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында апатты жағдайларды жою мақсатында қаланың тұрғын үй қорының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес тұрғын үйді реновациялау, яғни ескі тұрғын үйді жаңасына ауыстыру процесі көзделген.

Бүгінгі таңда Алматының көптеген аудандарында негізінен 2 қабатты қаңқалы-қамысты, 1921-1962 жылдары салынған тұрғын үй қоры бар.

Антикор
Фото: Антикор

Соның ішінде Түрксіб және Жетісу аудандарының өзінде бұзуға жататын 1 427 үй қамтылған.

Жаңарту бағдарламасына сәйкес қала тұрғындарын мемлекеттік қаражат бөлмей жаңа жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуде инвесторларды тарту көзделген.

Тұрғын үй қорын жаңарту жобасымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өңірге жұмыс сапары аясында танысты.

Антикор
Фото: Антикор

Сапар барысында тозған тұрғын үй қоры, сондай-ақ бұзылған үйлердің орнына салынған тұрғын үй кешені көрсетілді.

Соңында осы бағдарламаны іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарда ғана емес, халық арасында туындайтын мәселелер мен проблемалар талқыланды.

Мақалаға реакция