Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыс өтті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары және қоғам өкілдері қатысты.

Өзінің сөзінде Асқар Әмрин сыбайлас жемқорлыққа дер кезінде және үйлестірілген іс-қимыл арқылы тиімді қарсы тұруға болатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясындасыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылға мүдделі және белсенді болу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған алдын алу шараларының басымдығын қамтамасыз ету қажет», — деді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Сыбайлас жемқорлық Алматы
Фото: Антикор

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өзініңбаяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгенін, оған елдің әрбір өңірінің ең өзекті мәселелері енгізілгенін атап өтті.

Картада процестердің ашық еместігі, әкімшілік кедергілердің болуы, заңнаманың жетілдірілмеуі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты нақты шешімнің табылмауы салдарынан орын алатын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген.

Алматы қаласы бойынша 6 бағыт белгіленді, олар құрылыс, экология, фискалдық сала, әлеуметтік сала, экономика және қаржы. Бұлар осы өңірде тұратын және сыбайлас жемқорлықпен байланысты адамдар кездесетін негізгі мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық Алматы
Фото: Антикор

Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин атап өткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жетекшісі болып табылады, ол өз қызметінде жемқорлықтың алдын алудың, ауқымды ағартудың, қоғаммен сындарлы серіктестіктің және қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімді элементтерін біріктіреді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» типтік базалық бағыты енгізілген жобалық басқару аясында әкімдік өз тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, көлік, жер қатынастары салаларындағы жұмыс оңтайландырылды, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Мемлекеттік аппараттың қоғаммен сындарлы диалогы жолға қойылған.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз