Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Абай облысында жүргізуші куәлігін жасауға көмектескен арнайы ХҚКО қызметкерлері ұсталды

Фото: Күнту Арынбек

Не болды?

Абай облысында арнайы ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға көмектесті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бас прокуратураның мәліметінше, арнайы ХҚКО-ның мамандары азаматтарға автоемтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескен.

Тергеу барысында азаматтардан теория және практика емтиханынан сәтті өту үшін ақша алу дерегі анықталды. Арнайы ХҚКО-ның кей қызметкері жүргізуші куәлігін ақша төлеп алуға ниетті азаматтарды іздестірген.

Сонымен қатар заңсыз әрекетке қатысы бар делдал азаматтар да белгілі болды. Олар емтихан тапсырушыларға нұсқаулық өткізіп, теория сынағы кезінде жауаптарды сырттан алуға көмектескен.

Бас прокуратура қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын мәлімдеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді азаматтар Қазақстанның жүргізуші куәлігімен Біріккен Араб Әмірліктерінде көлік айдай алады.

Мақалаға реакция