Ахметжанов Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген проблемалық мәселелермен танысты

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі М.Жебегенов, Талдықорған әкімі А.Масабаев, техникалық және авторлық қадағалау, құқық қорғау және бақылау органдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Саян Қылышұлы үйлердің жай-күйімен, құрылыс сапасымен, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы осы қалашықтың құрылысын аяқтамау себептерімен танысты.

Бұл коттедж қалашығы халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. Коттедж қалашығының құрылысы 2018 жылы басталды. Алайда осы уақытқа дейін бұл нысанда құрылыс аяқталған жоқ.

Халықтың көптеген шағымдары, әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдар осы коттедж қалашығының құрылысына байланысты проблемаларды анықтады, онда инфрақұрылым, абаттандыру жолға қойылмаған, бұл нысан ұзақ құрылысқа жатқызылған. «ПМК-7» ЖШС мердігері жіберген бұзушылықтарға байланысты көптеген отбасылар қоныс тойын уақытында тойлай алмады. «ПМК-7» ЖШС мердігері кестеден артта қалуға жол берді. Сонымен қатар салынған үйлердің сапасы, сонвмен бірге абаттандыру жұмыстары көп нәрсені қалайды, — делінген хабарламада.

Талдықорған әкімі Әсет Масабаевтың айтуынша, «қазіргі уақытта шарт бұзылды, прокуратура органдары қадағалау тәртібімен тексеруді жүзеге асырады және «ПМК-7″ ЖШС бойынша аудит тағайындалды. Аудит қорытындысының нәтижелері бойынша мердігердің іс-әрекетіне бағалау беру үшін материалдарды қылмыстық қудалау органдарына беру туралы мәселе қаралатын болады».

Кездесу барысында мердігерлік ұйымдардың қызметі талданды. Превенция қызметінің басшысы жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылыс барысына тиісті бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс сапасына тиісті мониторингті жүзеге асыру және бұзушыларға уақтылы шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық саласы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім, оның салдары халықтың әлеуметтік осал топтары арасында әлеуметтік шиеленіске әкеп соғады.

Превенция қызметінің басшысы бұл объектілер тәуекелдер картасына кездейсоқ енгізілмегенін атап өтті, өйткені құрылыс саласы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім, оның салдары халықтың әлеуметтік осал топтары арасында әлеуметтік шиеленіске әкеп соғады.

Кездесу қорытындысы бойынша қайта құру мен құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы агенттіктің бақылауында болатыны атап өтілді.