Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың активтері қайтарыла бастады

Комиссия экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тергеп-тексеру органдарының күш-жігерін үйлестіруді қамтамасыз етіп жатыр.

Ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда. Бұл Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 миллиард теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 миллион АҚШ долларын өз еркімен қайтарғаны айтылған.

Тергеп-тексеру органы «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 миллиард теңгені өтетті. ӨКМ операторы ісі бойынша шамамен 180 миллиард теңгені жымқырудың жолы кесілді («ӨКМ» ЖШС шотынан «Жасыл Даму» АҚ-ның (мемлекеттік ұйым, «ӨКМ операторы» ЖШС акцияларының 100%-іне иелік етеді) шотына аударылды), оның шамамен 100 миллиард теңгесі жеңілдікті автонесиелеуге бағытталды, — делінген ресми ақпаратта.