Антикор Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы ақпарат тараған еді.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін «Балқыту» ЖШС директоры У.Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз», — деп жазды Антикор мәлімдемеде.

Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды.

Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.