Қаржы мониторинг агенттігі Ақмола облысындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактісін тергеп бітті. «Нұрлы жер» — әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған бағдарлама.
Агенттіктің хабарлауынша, 2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмысына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.
Алайда мердігер үш жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңге көлемінде зиян келген, — делінген ҚМА хабарламасында.
Сот санкциясы арқылы күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды.
Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілген. Басқа ақпарат жарияланбайды.
