Бүгінде елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифиңде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.
Шығыс Қазақстан облысы аумағының 65%-інде әлі де қар жатыр. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде су тасқыны жағдайы бақылауға алынған.
Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте, шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатыр.
"AMANAT" партиясының кандидаты Болат Нұрпейісов Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында сайлаушылармен кездесті.
Кездесуде партиялық бағдарламаның ауылды түлетуге қатысты басымдықтары туралы айтылды. Мәселен, «AMANAT» ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Үкіметтің...
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 700 гектарға жайылған дала өртінің беті қайтпай жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.