Шығыс Қазақстандағы өрт 700 гектарға жайылды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шықты.

Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр.

Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпып жатыр. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды, — делінген ақпаратта.