Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 10 ақпанда сағат 14:24-те жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде орналасқан. Риддерде 2 балл деңгейінде сезілді.

Зардап шеккендер мен қираған нысан туралы ақпарат болған жоқ. ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізеді, — делінген ведомство таратқан хабарламада.