Шығыс Қазақстанда тағы бір өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында таудан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте, шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатыр, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, алты техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір өрт сөндіріліп жатыр.