Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің әнұранын өзгертуді қолдады. Ол Кабар телеарнасына берген сұхбатында "әнұранды өзгертсек жақсы болар еді" деп мәлімдеді.
Қырғызстан президенті Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысу үшін келді, онда интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Бұл туралы Ақордада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Бішкекте сапармен жүрген қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесуі барасында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.