Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Бішкекте сапармен жүрген қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесуі барасында мәлімдеді.

Онда биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтетіні хабарланған.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы мамыр айында Қырғызстанға ресми сапармен барған болатын.