Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қырғызстанда президентке тікелей бағынатын жаңа қызмет құрылды

Фото: Қырғызстан үкіметінің сайтынан
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік күзет жүйесін жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құжат бойынша, Қырғызстанда ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-қызметі негізінде президент жанындағы мемлекеттік күзет қызметі құрылады.

Жаңа құрылым тікелей мемлекет басшысына бағынады және оған есеп береді. Сонымен қатар ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамына енгізіледі. Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін тұлғалар мен стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болады. Қызмет төрағасын президент өзі тағайындайды және қызметтен босатады. Оның орынбасарлары да төрағаның ұсынысымен мемлекет басшысының шешімі арқылы тағайындалады, — делінген 24.kg хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Садыр Жапаров ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатты. Қымшыбек Ташиев бұл шешімді Германиядағы ауруханада жатқан кезінде естігенін және оның күтпеген жағдай болғанын айтқан.

Мақалаға реакция