Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

18-19 сәуір күндері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары өтеді.

Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан Республикасы басшысының баспасөз қызметі растады.

Сапар аясында екі елдің президенттері жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстандағы қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады