Дүниежүзіндегі коронавирус пандемиясы ахуалы қалай?
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия дүниежүзіндегі COVID-19 пандемиясы жағдайы туралы мәлімдеді.
2552 материал
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия дүниежүзіндегі COVID-19 пандемиясы жағдайы туралы мәлімдеді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 002 адам жұқтырды, 772 пациент аурудан айықты. 11 наурыздағы мәлімет бойынша 3 науқас қайтыс болды.
Дүниежүзіндегі және еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша күрделі эпидемиология жағдайы отандық денсаулық сақтауды материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша түбегейлі шараларды талап етеді.
Алматыда эпидемиология ахуалының күрт нашарлауына байланысты демалыс күндері, яғни 13-14 наурызда автобус пен метро жұмысы уақытша тоқтайды.
Алексей Цой күз бен көктемде жіті респираторлық вирус инфекциясы асқынатындықтан сырқаттану қауіпі сейілмегенін айтты. Мерекелік демалыс қарсаңында азаматтардан карантин шараларын қатаң сақтауды сұрады.
Қазақстанда кеше 899 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 653 науқас аурудан айықты. 10 наурызда 7 адам коронавирустан қайтыс болды.
Грекия билігі 14 мамырдан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр. Туристерде коронавирус инфекциясы жоқтығын растайтын анықтама болуы қажет.
Алматының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты мешіттерде жұма намазын оқуға, ғибадат нысандарында жексенбілік қызметтерге шектеу енгізілді.
Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдағанын, төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай көмек берілгенін айтты.
Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 752 дерегі тіркелді, 662 адам аурдан айықты. 9 наурыздағы дерек бойынша 9 науқас қайтыс болды.
Құжатта Наурыз мерекесі қарсаңында ұжымдық шаралар өткізуге, 20-24 наурыз аралығында қала және облысаралық тұрақты автобустардың Алматыға кіруіне тыйым салынатыны жазылған.
Алматыда эпидемиология жағдайының нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі.
Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова коронавирустың таралуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды.
COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аймақтарындағы эпидемиология жағдайын бағалау матрицасы жариялады.
Кеше, 9 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелді, 773 адам аурудан айықты. 8 наурыздағы мәлімет бойынша 2 науқас қайтыс болды.
Ресейлік "Cпутник V" вакцинасын шығарушылар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) төрағасы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етті.
Елімізде өткен тәулікте тағы 571 адам коронавирус жұқтырды, 464 науқас вирустан жазылып шықты. 7 наурыздың қорытындысы бойынша 7 өлім жағдайы тіркелді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 653 жағдай тіркелді, 480 адам жазылып шықты. 6 наурыздағы мәлімет бойынша 7 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте Қазақстанда 802 адамнан коронавирус анықталды, 568 науқас жазылып шықты.
2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы санитария-эпидемиология бақылау комитеті хабарлады.