COVID-19 инфекциясын жаңадан жұқтыру дерегі Алматы (293) мен Нұр-Сұлтанда (152) көп тіркелді.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Алматыда — 27 001 (+293);
Нұр-Сұлтанда — 26 276 (+152);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 429 (+35);
Павлодар облысында — 18 413 (+50);
Атырау облысында — 17 624 (+42);
Қарағанды облысында — 16 039 (+74);
Ақмола облысында — 14 397 (+50);
Батыс Қазақстан облысында – 13 735 (+68);
Қостанай облысында — 13 021 (+48);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 700 (+21);
Алматы облысында — 11 533 (+90);
Шымкентте — 6 344 (+25);
Жамбыл облысында — 6 112(+13);
Ақтөбе облысында — 4 492 (+29);
Түркістан облысында — 4 344 (+4);
Маңғыстау облысында — 4 295 (+3);
Қызылорда облысында — 3 916 (+5).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 222 671-ге жетті, оның 205 554-і жазылып шықты, 2 840 науқас қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
2021 жылдың 11 наурыздағы мәлімет бойынша 55 дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. 181 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 749 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 653-і қайтыс болды, барлығы 44 715 адам жазылып шықты.
