Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатыр.
Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті. Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады, — деді ол.
Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.
Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады, — деді Әсел Қалықова.
Эпидемиолог қаулыға 10 наурызда кешке сағат 20.00-21.00 шамасында қол қойылып, жарияланатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Бүгін астана мен Алматы коронавирус бойынша қызыл аймаққа өтті.
