«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың «Челси» командасына қашан ауысатыны белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет бойынша, 17 маусым күні «Қызылжарға» қарсы өтетін матч Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны болады. Осыдан кейін қазақ футболшы мансабындағы жаңа кезеңді бастап, Англияның «Челси» клубына қосылады.
Дастан Сәтбаев лондондық клуб сапына 1 шілде күні ресми түрде ауысады. Дәл осы күні команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо қызметіне кірісіп, жас футболшылармен алғашқы жаттығуын өткізеді.
Айта кетейік, Хаби Алонсо Реал Мадрид командасында жұмыс істеп жүрген кезінде чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Алматыда өткен матчта «Қайратқа» қарсы ойнап, Дастан Сәтбаевтың өнерін көрген болатын.
