Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті алматылықтар! Қаладағы эпидемиология ахуалының күрт нашарлауына байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдағы демалыс күндері,  яғни 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көлік жұмысы дүйсенбі, 15 наурыз күні жоспарлы түрде қайта жанданады.

Айта кетейік, Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте қалада 237 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да