Жаңадан жұқтырғандар арасында ең көп дерек Алматыда тіркелді. Қалада кеше 118 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ал Шымкент пен Қызылорда облысында 8 наурызда коронавирус жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеді.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде COVID-19 жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 25 775(+61);
Алматыда — 26 114(+118);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 333(+18);
Атырау облысында — 17 468(+27);
Павлодар облысында — 18 202(+63);
Қарағанды облысында — 15 784(+35);
Ақмола облысында — 14 174(+72);
Батыс Қазақстан облысында — 13 465(+39);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 606(+24);
Қостанай облысында — 12 825(+50);
Алматы облысында — 11 294(+38);
Шымкентте — 6 290(+0);
Жамбыл облысында — 6 072(+17);
Түркістан облысында — 4 331(+3);
Маңғыстау облысында — 4 285(+3);
Ақтөбе облысында — 4 404(+3);
Қызылорда облысында — 3 903(+0).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 219 325-ке жетті. 202 694 науқас аурудан айықты, 2 819-ы қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
7 наурыздағы мәлімет бойынша 4 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. 182 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 577 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды, оның 43 985-і жазылып шықты, 646 науқас қайтыс болды.
