Грекия мамырдың ортасынан бастап шетелдік туристерді қабылдайды

Грекия билігі 14 мамырдан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр. Туристерде коронавирус инфекциясы жоқтығын растайтын анықтама болуы қажет. 

Бұл туралы ITB-2021 халықаралық туристік көрмесінде өткен баспасөз конференциясында Грекияның туризм министрі Харис Теохарис мәлімдеді.

Министр туристерді қабылдау үшін эпидемиология жағдайы қолайлы болуы шарт екенін айтты.

Оның айтуынша, Грекияға Ресей, Украина, Беларусь және Еуропалық одақ елдерінен келген саяхатшыларда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған растайтын немесе ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.

ДереккөзKaz.tengritravel.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз