Биыл Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 миллион тоннаға бағаланып отыр. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеп отыр.
Абай облысында егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Шаруашылықтар қазірдің өзінде 147,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар жинады. Орташа өнімділік 14,5 ц/га құрады, 214 мың тонна астық бастырылды.
Қазақстан Қытайға экспортталатын астық көлемін 2 миллион тоннаға жеткізуге дайын. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қаңтар айының алғашқы күндерінде Өзбекстанға жөнелтілген пойыздардың саны тәулігіне 32-33 вагон құрамына дейін өсті. Бұл туралы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС хабарлады.