Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Ордабасы» футбол клубы 157 миллион теңгеге сатылды

©KazFootball.kz

Не болды?

«Ордабасы» футбол клубы аукцион арқылы 157 миллион теңгеге сатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Sauda аукцион порталының мәліметіне қарағанда, Шымкент қаласының қаржы басқармасы  «Ордабасы» футбол клубын 157 миллион теңгеге сатты.  Аукционға тек бір үміткер қатысқан. Клуб бастапқы бағасына өте жақын қаражатқа сатылды. Бастапқы сома — 156 912 355 теңге, ал сатылған сома — 156 913 355 теңге. Айырмашылығы небәрі 1000 теңге. «Фин ЮТА консалтинг» компаниясының бағалауы бойынша, футбол клубының құны 224,2 млн теңге болған. Демек клуб ол шамамен 30% арзан бағаға сатылды. Клубта 190 қызметкер жұмыс істейді.

Сатып алушының аты ресми түрде жарияланбады. Дегенмен ақпанда бизнесмен Шахмұрат Мүтәліптің Integra Construction KZ компаниясы мен Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубын жекешелендіру туралы келісімге қол қойған еді. Сол кезде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеке инвестордың келуі футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға ықпал ететінін айтты.

Анықтама

Шахмұрат Мүтәліп — кәсіпкер. Қазір 36 жаста, Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын теміржолға арналған бөлшектер шығаратын өндірістен бастаған. Integra Construction KZ компаниясының басшысы. Бұл компания — Қазақстандағы теміржол құрылысы саласындағы ірі мердігер. Forbes дерегіне қарағанда, Шахмұрат Мүтәліптің байлығы — 482 млн доллар. Сонымен қатар ол бокс федерациясын да басқарып отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, 14 маусым күні Семейде «Елімай» мен «Ордабасы» командасының арасында өткен матчтан кейін төрешіге қатысты дау туған еді.

Мақалаға реакция