Қытай Қазақстан ұнын көптеп сатып ала бастады

2024-2025 маркетиң жылында 10 миллион 300 мың тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Агроөнеркәсіп кешенінің басты мақсаты – өнімді уақытылы сатып, қоймаларды жаңа астыққа босату. 2024-2025 маркетиң жылында 13 миллион 300 мың тонна астық тасымалданып, 45%-ға өсті. Оның ішінде 10 миллион 300 мың тонна экспортқа және 3 миллион тонна республика бойынша жеткізілді. Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың арқасында мүмкін болды, — деді Нұрлан Сауранбаев.