Министр: Отандық бидайдың сапасы төмендеп кетті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін жинау науқанында қандай қиындықтар бар екенін айтты.

Биыл егін жинау науқаны қиын өтіп жатыр, 25 күн жаңбыр жауды. Өнім 6 миллион тоннаға аз болды, — деді Айдарбек Сапаров үкімет кулуарында.

Сонымен бірге министр бидай сапасының төмендегенін айтты.

Былтыр үшінші-төртінші сұрыптағы астық шамамен 90% болса, қазір элеваторларға әкелу деректері бойынша, ұн жасауға қажет үшінші сұрып шамамен 35%. Төртінші сұрып 20%-тен асады, ол да ұнға жарайды. Ал одан төмені жем-шөпке жіберіледі. Қымбаттауды көріп отырған жоқпын, керісінше, арзандау байқалады. Қазіргі уақытта фермерлер бидайды сата алмай жатыр. Сондықтан азық-түлік корпорациясы бағаны жариялайды. Бірақ тұрғындар қорықпауы керек, астық жеткілікті, — деді Айдарбек Сапаров.