Не болды?
Ресейден әкелген астықтық 128 тоннасы кері қайтарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында Ресейден келген 200 тоннадан астам астық карантиндік, фитосанитария талабына сай емес. Импортталған астықтан қауіпті карантиндік белгі, оның ішінде үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) мен арамсояу табылды.
Астықтың 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды. Заң бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ресейден әкелген 130 қаптама қызанақтан вирус шықты.
