Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тобыл өзенінен атасы мен 6 жастағы немересінің мәйіті табылды

Фото: t.me/qr_tjm
Қостанай облысында құтқарушылар 14 маусымнан бері іздестірілген ата мен немеренің мәйітін Тобыл өзенінен тапты. Қайғылы оқиға Алтын Дала ауылы маңында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 маусым күні Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзені бойында шомылуға тыйым салынған жерде екі адамның суға кету фактісі тіркелген. Олардың бірі – 2020 жылы туған бала болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағысқа түсіп кеткен. Мұны байқаған атасы немересін құтқару үшін суға секірген. Алайда өзеннің қатты ағысы екеуін де алып кеткен.

16 маусым күні құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан шамамен 1,5 шақырым төмен жерден тауып, судан шығарған. Сонымен қатар жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен еріктілер 1967 жылы туған ер адамның мәйітін оқиға болған жерден бес шақырым қашықтықтан тапқан. Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген. Оған ТЖД қызметкерлері, сүңгуірлер, полиция өкілдері мен еріктілер жұмылдырылған, — делінген хабарламада.

Мамандар азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және шомылуға рұқсат етілмеген орындарға бармауға шақырды.

Еске салайық бұған дейін Қостанай облысында құтқарушылар мен еріктілер Тобыл өзенінде суға кеткен ата мен немерені іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақалаға реакция