Не болды?
Қазақстанда кей жағдайда пойызбен жүру ұшақпен ұшудан да қымбат болады. Үкімет отырысында “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы өкілі ел ішіндегі сапарға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
“Қазақстан темір жолы” басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуына қарағанда, бағаны салыстыру кезінде кезінде теміржол тасымалының тұрақты жұмыс істеу ерекшелігін ескеру қажет.
Пойыз билетінің бағасы маусымға, тәулік уақытына немесе сұранысқа қарай өзгермейді. Мәселен, 35 мың теңге көлеміндегі билет құны жыл бойы сақталады. Ал тариф жыл сайын көлік министрлігімен келісілген индексацияға сәйкес реттеледі. Биыл 1 сәуірден бастап баға 7% көтерілді, — дейді Әнуар Ахметжанов.
Былтыр инфляция деңгейі 12%-дан асса да, теміржол билетінің қатты қымбаттамағаны да айтылды.
Ахметжановтың айтуына қарағанда, авиация саласында динамикалық баға жүйесі қолданылады. Билет құны сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Сұраныс аз кезде ұшақ билеті пойыз бағасымен пара-пар болуы мүмкін, ал сұраныс артқанда 70–100 мың теңгеге дейін қымбаттайды.
Контекст
Естеріңізге салайық, жазғы маусымда Алакөлге қатынайтын пойыз саны артады.
