Украинада Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам қалай құтқарылғанын айтты
Харьков маңындағы Ан-26 апатынан аман қалған украиндық курсант Вячеслав Золочевский БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды. Ол апатқа дейін ұшақтан секірмегенін айтты. Ол болған оқиғаны ауруханаға келген Украина президенті Владимир Зеленский мен Харьков облыс әкімшілігінің басшысы Алексей Кучерге айтып берді.
