Украинада Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам қалай құтқарылғанын айтты

Қазір Вячеслав Золочевскийдің жағдайы орташа. Ол Зеленскийге ұшақ апаты кезінде не болғанын бірден түсінбегенін, бәрі жылдам болғанын айтты. Алексей Кучердің айтуынша, курсант «бәрі компьютер ойынындағыдай болды» деген.

Біз оны сұрақтармен қинамадық, тек не көмек керек екенін сұрадық. Бәрі есінде емес, себебі ол белгілі бір уақытта талып қалған. Ол өз-өзіне келген соң ұшақ сынықтарынан шығып, кейін жанып жатқан әріптесін сөндіре бастаған. Ол ұшақта отырып аман қалды, — деді Кучер.

Золочевскийдің айтуынша, ол курсанттар мен экипаж мүшелерімен таныс болған және бұған дейін де бірге ұшқан.

Еске салайық, Ан-26 әскери ұшағы 25 қыркүйекте кешке Харьков облысындағы Чугуев қаласының жанында оқу рейсі кезінде апатқа ұшырады.