Байқоңырда төтенше жағдай болды

Қазір «Роскосмос», «Энергия» ЗҒК және таратушы блокты жасаушы С.А. Лавочкин атындағы ҒӨБ мамандарынан құралған комиссия жұмыс істеп жатыр. Мамандар апат себебін анықтап, оны жою жолдарын ұсыну керек.

Қорытынды шығарылғаннан кейін ұшыру уақыты өзгерту, не қалдыру туралы шешім шығарылады.

7 желтоқсанда «Фрегат» орбитаға Angosat-1 байналыс серігін шығаруы керек болатын. Бұл құрылғы Ангола мен бүкіл Африка аумағында хабарлама таратуды қамтамасыз ету үшін ұшырылмақ еді. «Фрегат» орта және ауыр санаттағы тасушы зымыран құрамында ғарыш аппараттарын Жер серіктерінің орбитасына жеткізу мақсатында қолданылады.

ДереккөзTengrinews.kz