Ресейде тікұшақ апатынан 18 адам қайтыс болды

«Utair компаниясының Ми-8 тікұшағы Ванкор-Харкасале бағытында ұшып бара жатқан. Әуеге көтерілу кезінде ол басқа бір Ми-8 тікұшағына троспен бекітілген жүкке соқтығысқан», — деді агенттікпен сұхбаттасушы.

ТЖМ МБ мәліметінше, әуе апаты жергілікті уақыт бойынша 10:20-да (Астана уақыты бойынша 09:20-да) Игарка елдімекенінен екі шақырым жерде болған.

Дереккөз мәліметінше, Ми-8 тікұшағы құламастан бұрын екі шақырым ұшқан. Әуе кемесі адамдар шоғырланбаған жерге құлап, өртеніп кеткен.

«Әуе кемесінің бортында 18 адам болған, оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі. Барлығы да қайтыс болды», — деді агенттік сұхбаттасушысы. Оның айтуынша, тікұшақта «Анкор» компаниясының қызметкерлері болған.

Осы дерекке қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша іс қозғалды.

ДереккөзTengrinews.kz