Украинада ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

Ұшақ оқу-жаттығу әскери бөлімінің аэродромы орналасқан Чугуев қаласының маңында қонуға бет алған кезде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаж мүшелерінен басқа, Украина Қарулы күштерінің Харьков Әуе күштері университетінің курсанттары болған. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты.

Осы минуттағы алдын ала ақпарат бойынша, 25 адам қаза тапты, 2 адам ауыр халде, олар медицина мекемелеріне жеткізілді, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлады Украинаның бас прокуроры кеңсесінің баспасөз қызметі өкілдері.

Украина ұшақ
Фото: Tengrinews.kz
Украина ұшақ
Фото: Tengrinews.kz

Қазіргі таңда «Апат пен ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 28 адам болған, оның ішінде жеті офицер және 21 курсант. 25 адам қайтыс болды. Екеуі аман қалды, біреуінің жағдайы ауыр, төрт адамның тағдыры белгісіз. Олардың өмірі үшін дұға етеміз, шұғыл көмек көрсетеміз», — деп жазды облыстық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Алексей Кучер Telegram-да.

Украина ұшақ
Фото: Tengrinews.kz

Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықтау үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.