Күзде ағзаға қандай дәрумен қажет?

Дәрумен

Күз келісімен иммунитетіміз әлсіреп, түрлі ауруларға душар болып жатамыз. Вирустар мен суық тиюге қарсы тұру үшін ағзамызға қажетті дәрумендерді қабылдауымыз керек. Олар қандай дәрумендер? Күз мезгілінде қандай азық-түліктерді жиі пайдалану керек? Бүгін осы туралы айтатын боламыз.

1. А дәрумені

А дәрумені

А дәрумені жетіспеген кезде көздің көру қабілеті нашарлап, иммунитет төмендейді. А дәруменінің қажетті мөлшерін майлы балық, сүт өнімдері мен асқабақтан, сәбіз, алма, қызанақтан алуға болады.

2. В дәрумені

В дәрумені

В дәрумені жетіспесе адамның терісі тітіркеніп, дерматитке шалдықтырады. Авитаминоздың әсерінен ұйқысыздық пайда болып, глаукома қатері көбеюі мүмкін. Бұның алдын алу үшін ет, жаңғақ, балық, сүт өнімдерін, орамжапырақ, қарақұмық, картоп, сельдерей жеңіз.

3. С дәрумені

С дәрумені

С дәрумені ағзаның қорғаныс функциясын арттырады. C дәрумені жетіспеген кезде адамның терісі құрғап, аяқ-қолы сыздап ауыратын болады. Бұрыш, цитрусты жемістер, қарақат, шие, киви мен алмада С дәруменінің мол қоры бар.

4. Д дәрумені

Д дәрумені

Д дәруменінің жетіспеуі обыр ауруын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ астма, күйзеліс, артрит аурулары асқынуы ықтимал. Сол себепті құрамында Д дәрумені бар тағамдарды күз бен қыс мезгілінде көбірек тұтыну қажет. Ол үшін балық, сүт өнімдері мен жұмыртқа жеген абзал.

5. Е дәрумені

Е дәрумені

Е дәрумені жетіспеген кезде шаш сиреп, шаршағандық пайда болады. Терінің қартаю процесі жылдамдайды. Пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, күнделікті өсімдік майын, жаңғақ, жұмыртқа мен көкөністерді пайдалану керек.