Басты бет / Жаңалықтар /
Petya.A вирусы

Желіде жеке мәліметтерді көшіріп алатын вирус пайда болды

Аталған қауіпті вирус Google Play-дағы LeakerLocker қосымшасында анықталған.

Компания мамандары LeakerLocker қосымшасы қолданушылардың жеке мәліметтерін шифрламайды, тек білдіртпей көшірмесін жасап алады дейді. Кейін бұл мәліметтер қолданушының ұялы телефонында сақталған байланыс құралдарына және электрондық поштасына тіркелген гаджеттерге тарап кетуі мүмкін.

Кейін вирусты таратқан алаяқтар қолданушылардан жеке мәліметтерін басқа біреулерге таратпау үшін 50 доллар сұрайды.

Мамандар Google Play-дан осындай қауіпті вирусы бар екі бағдарламаны анықтаған. Олар Booster & Cleaner Pro мен Wallpapers Blur HD.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз