29 қазандағы ауа райы туралы болжам: жауын-шашын мен күшті жел

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, республиканың көптеген бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жауын-шашын болады, солтүстіктің кей жерлерінде толассыз жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын байқалады.

Ақмола облысында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, кей жерлерде толассыз жауын-шашын болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында да секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде және күндіз Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында секундына 15-25 метрге дейін жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді. Жамбыл облысында қатты жел мен 1-3 градус ызғарға байланысты ескерту жарияланды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да