26 қазандағы ауа райы: жауын-шашын болмағанымен жел күшейеді

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 26 қазанда республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысы мен мен солтүстік-батысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл көлі аумағында жел секундына 18-23 метрге күшейеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.

Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай мен Қызылорда облыстарында желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.