Астанада журналистер байқауының қорытындысы шықты

«Бірлік жаршысы» байқауына этносаралық келісім тақырыбын терең қамтыған Қазақстанның төрт қаласынан 25 жұмыс келіп түсті. Қазақ және орыс тілінде жазылған БАҚ өкілдерінің жұмыстарын қазылар алқасы екі санат бойынша анықтады.

Байқау жеңімпаздары — Гәкку Асылбекқызы («Көкшетау» газеті), Рауан Есқали (ҚХА сайты) және Ермек Жұмахметұлы («Алматы ақшамы» газеті).

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен алдағы жоспарлары туралы жазылған үздік мақалалар авторлары: Гүлмира Аймағанбет («Астана ақшамы» газеті), Венера Түгел «Егемен Қазақстан» газеті және Кальбинур Хошназарова «Ахыска» газеті. Байқаудың барлық жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай жүлделермен марапатталды.