27-29 қазан: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 27-29 қазан күндерінде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Гидрометеорологтардың мәліметінше, нормадан тыс жылы ауа райынан кейін Қазақстандағы ауа райы өзгере бастады.

Суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына жылжыды және демалыс күндері шығыс бағытта жылжи отырып, жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар және Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының төмендеуін тудырады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер бұған дейін 26 қазанда республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болатынын, республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейетінін хабарлаған еді.