Президент Жарлығы бойынша қалалық мамандандырылған тергеу соттары құрылады

Бұл туралы «Әділет» ақпараттық-құқықтық сайтында хабарланды.

Президенттің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» № 620 Жарлығымен елімізде мамандандырылған тергеу соттарын құру қаулы етілді.

Құжатқа сәйкес,

  • Ақмола облысы Көкшетау қаласының;
  • Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының;
  • Алматы облысы Талдықорған қаласының;
  • Атырау облысы Атырау қаласының;
  • Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының;
  • Жамбыл облысы Тараз қаласының;
  • Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының;
  • Қарағанды облысы Қарағанды қаласының;
  • Қостанай облысы Қостанай қаласының;
  • Қызылорда облысы Қызылорда қаласының;
  • Маңғыстау облысы Ақтау қаласының;
  • Павлодар облысы Павлодар қаласының;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соттары құрылады.

Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылатын болады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 пікір

  1. Биылғы жолдау расымен әр салаға ерекше тоқталып, мақсаттарды нақтылап берді. Жұмыстарыңыз жемісті болсын

  2. Жолдауда қозғалмаған сала қалмағаны рас. Президентіміз әр дүниені жіті ойластыратынын біз емес бүкіл әлем біледі.

  3. Қазақтай кеңпейіл еліміздің сот ісі дами берсін. Заң ол халық үшін құрылады. Жұмыстарыңызға тек сәттілік ал!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да