Қазақстандағы бағдарламалауды үйрететін 17 мектеп

Компьютерлік код — XXI ғасырдың тілі. Ол біздің өмірімізге батыл кіріп, оңтайлы өзгерістредің себепшісі атағын иемденді. Қазір біз бағдарлама жасақтамасының басымдылық танытқан заманында өмір сүріп келеміз. Интернет арқылы қарым-қатынас құрамыз, теледидар орнына компьютер қолдананамыз, онлайн карталар арқылы жолымызды жоспарлаймыз, дүкен аралаймыз  — осының барлығы онлайн түрде жүзеге асырылады.

Келешек дәуірдің өмірі одан ары интерактивті және цифрлық болары сөзсіз. Кейін тұрғылықты баспанамыз жасанды интеллект арқылы қадағаланып, көліктеріміз өздігінен басқарылатын болады. Жоғарыда айтылғандардың ортақ себебі  — бағдарламалау.

Ертеректе адамдар жазу мен оқуды үйренсе, дәл сол деңгейде қазір бағдарламалауды үйренгені абзал. IT саласының маңыздылығы күн санап артып келеді. Көпшілік бағдарламау икемділігін тілде еркін сөйлей біле алу қабылетімен салыстарады. Басқа сөзбен айтқанда, код  — ол компьютерге айтылған нақты нұсқаулықтар. Бағдарлмалау барысында сіз компьютерге не істеу керек екені жайлы бұйрықтар бересіз.

Бағдарламалау тілін үйрену кез келген басқа сөйлеу тілін үйренумен пара пар, өйткені екеуін де тұрақты түрде жаттықтырып, дамытып тұру қажет. Әр түрлі тілдерді үйрену адамдар әлемінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берсе, бағдарламалау әлемге әсер ететін технологияларды жаратуға мүмкіндік береді.

Бағдарламалаудың осындай сұранысқа ие болуы кездейсоқтық емес. Бағдарламалауды білудің жас ұрпаққа аса маңызды екендігінің түсінігі артып келеді. Қазіргі таңда Google кез келген сұраққа милисекунд ішінде жауап беретін заман болғандықтан, факттерді жай ғана жаттап алу өзектілігін жоғалтуда. Одан қарағанда, балаларға техникалық дағдылар әлдеқайда пайдалырақ болады және ол дағдылардың ішінде бағдарламалу өз орнын алуы тиіс.

Қазіргі заманның балалары өз ата-аналарымен салыстырғанда мүлдем басқа жағдайда өсіп келе жатыр. Ұялы телефондар, компьютерлер, YouTube және Facebook күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Біздің мақсатымыз техниканың қолданысын пайдаға айналдыру, бағдарламалауды үйрету, жаңа дүние құрастыру. Техниканы қалай қолдану керектігін білу бір басқа, ал оның астарында жатқан логиканы түсіну бір басқа.

Балаларды бағдарламалаумен таныстыруға 3 жарамды себеп бар, және неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы.

Уақыт пен күшті үнемдеу

Бағдарламалауды үстіртін ғана меңгерудің өзі «алгоритмдік ойлауға», автоматтандыруға болатын үрдістерді іздеуге, қандай жолмен жүзеге асыруға болатындығы жайлы ой қозғауға мүмкіндік береді. Керек болған жағдайда кез келген мәселені шешуге аралған қарапайым бағдарлама жазуға болады.  

Өмірді болжай алмаймыз

Елестетіп көріңізші, сіз әріп танымайсыз және жаза алмайсыз. Ешқашан ақын немесе жазушы боламын деп арман құрған жоқсыз, сондықтан әліппе үйренген жоқсыз. Дегенмен, банкпен жасалған келісімшартты оқу керек, ал ол үшін бөтен адамның көмегіне жүгіну ақылға қонымсыз жайт. Бүгінгі таңда бағдарламаушы ең танымал және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Егер даму осы қарқынымен жалғасатын болса, алдағы 20 жылда бағдарламалау тілдері табысты мансап үшін шет тілдері сияқты қажет болады.

Баланың дамуы

Бағдарламалау балаға логиканы, кеңістіктік ойлауды, зейін және қиялды дамытуға септігін тигізеді. Және де, ағылшын тілі жағымды бонус ретінде қосылады, себебі барлық код ағылшынша жазылады.

Бағдарламалауды үйренетін кезде «көз қорқақ, қол батыр»  және «ештен кеш жақсы» екенін есте сақтай отырып іске кірісу керек. Бүгінгі таңда алуан түрлі курстар мен тегін ресурстар бар. Біз Қазақстандағы бағдарламалау мектептері бойынша арнайы шолу дайындап қойдық. Арасынан өзіңізге немесе балаларыңызға көнілі қалаған мектепті таңдай аласыз.

  1. Bolashak Engineering

Bolashak Engineering — президенттік  «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің мектебі. Инженерия, робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу бағыттары бойынша балаларға арналған оқыту жүйелері бар.  «Бағдарламалау»  курсы жас деңгейіне сай бөлінген дәйекті сабақтар, презентациялардан құралған. Бұл сабақтарда балалар Scratch жүйесінде әр түрлі ойындар мен қосымшалар жобалаумен айналысады. С, Python, Java сияқты бағдарламалау тілдерін үйренеді.

  1. Decode

Decode бағдарламалауды ең басынан бастап сарапшылар деңгейіне дейін жеткізуге арналған  4 айлық курс ұсынады. Бұл мектептің ерекшеліктері — hardcore night, IT-компаниларға тур, relax club, спикерлармен кездесу, IT-компанияларда тәжірибе өту сияқты іс-шаралар. Курс ұнамаған жағдайда төлемақы қайтарылады.

  1. Element school

Бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және олардың ата-аналары  — Element мектебінің есігі барлығына ашық. Үш түрлі курстан таңдауға болады: қарқынды, стандарт және премиум. Олар бір-бірінен топтағы адам саны және жиілігімен ерекешеленді. Оқу барысы hackdays және табиғат аясына қыдыру сияқты жағымды шаралармен толықтырылады.

  1. Intellection

Стартап орталық және бағдарлама құрастыру студиясы мобильдік қосымша жасау арманыңызды іске асыруға арналған барлық құралдармен қамтамасыз етуге уәде береді және портфолиоңызға арналған 10 қосымша жасап үйретеді. Бұл орталық бағдарламалау негіздеріне баулуды Swift, Java немесе React-native тілдерінде жүргізеді және қосымшаларды Apple Store және Google Play-ға жүктеуге көмекетеседі.

  1. Inventor school

Бұл «Болашақ» бағдарламасының түлектері сабақ беретін балалар академиясы. Балаларға арнап үш бағдарламалау тілінде 12 түрлі модуль ұсынылады. Курстар үш деңгейге бөлінген: Junior (6–8 жас), Explorer (9–11 жас), Developer (12–14). Бағдарламалар баланы оқұ үрдісіне ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, мәселелерді креативті жолмен шешу мақсатында бейімделген.

  1. IT School

Бұл мектеп халықаралық IT университетінде негізделген. С++ тілінде бағдарламалау,  web-бағдарламалау және мобильді жетілдіру бойынша курстар ұсынады. Оқудың екі түрінен таңдауға болады: негізгі және терең. Курсты университет оқытушылары жүргізеді.

  1. IT Start

Шымкентте орналасқан бағдарламалау мектебі, онда веб-сайтты әзірлеу, мобильді дамыту және веб-дизайн бойынша сабақ жүргізеді. Студенттерді курстың соңында сертификат алу, жұмысқа орналасуда көмек және мектеп командасында жұмыс істеу мұмкіндіктері қызықтырады.

  1. Kazakh IT education

Балалар мен ересектерге арналған әртүрлі курстар. 9 жастан 14 жасқа дейінгі студенттер «Scratch» бағдарламасы негізінде оқиды: қызықты тренингтер, интерактивті материалдар, жеке жобалар жасайды. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Сондай-ақ дизайн, веб-әзірлеу, бағдарламалау тілін үйрету, мобильді дамыту және Интернет-маркетинг курстары бар. Екі деңгейі бар: қарапайым және жедел.

  1. Knew IT

Knew IT мектебі 90 күндік оқу курсын және 3 түрлі оқыту пакеттерін ұсынады. Бұл мектептің курстары негізінен ересектерге арналған, бірақ 10-12 жас аралығындағы оқушыларға да қатысуға болады.

  1. Love to code

Балаларға арналған бағдарламалау мектебі. Негізін қалаушылар  мектептің атын мағыналы етіп, кодтауды жақсы көру деп атаған. Бұл мектепте балаларға MIT-де арнайы әзірленген «Scratch» платформасын қолдану арқылы бағдарламалау негіздерін үйретеді. Балалар ойын немесе мультфильмді қызықты түрде жасауды үйренеді.

  1. Method

Method бағдарламалау мектебі балалар мен ересектерге арналған курстарды ұсынады. Қысқа уақыт ішінде сапалы IT-білім алуға болады, сайттарды немесе мобильді қосымшаларды жасауды үйренуге болады. 24 сабақ — 24 түрлі жоба. Білім алушылар әрбір сабақтан табыс көзіне лайықты дайын өнім жасап шығара алады. Топтағы адам саны 8-ден аспайды.

  1. nFactorial Incubator

Бұл бағдарлама құрастырушыларға арналған жазғы инкубатор. Ол 4 модульден тұрады: iPhone-да iOS қосымшаларын жасау, Android қосымшаларын құру, Unity-да ойындарды құру, Machine learning және Data Science оқыту. Олар сондай-ақ дизайн және маркетинг каналдарын қалай тиімді пайдалану керектігін үйретеді. Барлық қатысушылар демеушілік гранттар арқасында тегін білім алады.

  1. Samsung coding school

Бұл 14-17 жас аралығындағы мектеп пен колледж студенттеріне арналған IT және бағдарламалау негіздері бойынша бір жылдық тегін курстар. Оқу жүйесіне бағдарламалау негіздері, Java тіліндегі алгоритмдер мен деректер құрылымы, Android-де бағдарламалау негіздері, компьютерлік графика және дизайн негіздері кіреді.

  1. Smart way

Мектепте базалық және жазғы қарқынды курстар қарастырылған, оларда сайттар мен бағдарламалар, мобильді қосымшалар, ойындар және роботтарды жасауды үйретеді. Оқу топта немесе жеке түрде қашықтан да, мектепте де жүргізілуі мүмкін.

  1. Topcoder

Topcoder-де үш бағыт бойынша курстар бар: computer science, java development, devops және субд. Курстар жаңадан бастағандарға арналған, бірақ одан да ілгері деңгейлерден бастауға болады. Қорытынды сынақтың және диплом жобасының қорғалуы нәтижесі бойынша мектепте кепілдендірілген тәжірибе ұсынылады.

  1. Яндекс Лицей

Яндекс. Лицейде 8 және 9-сынып оқушылары оқи алады. Оқу бағдарламасы Яндекс деректерді талдау мектебінде жасалған. Бағдарламалаумен оқушылар Python негізінде танысады. Python оқуға оңай, бірақ көптеген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Бұл әлемдегі ең танымал тілдердің бірі, оны YouTube, NASA және Яндекс-та қолданады.

  1. Компьютерная академия шаг

ШАГ — Microsoft, Cisco, Autodesk-тің авторизацияланған оқу орталығы болып табылады. Оқу барысында оқушылар халықаралық сертификаттаудан тегін өту мүмкіндігіне ие болады. ШАГ компьютерлік академиясы 2 түрлі курс ұсынады: стационарлық және жартылай стационарлық.

Мақала авторы: Айгерім Тастекей