Бұл туралы «Әділет» ақпараттық-құқықтық сайтында хабарланды.
Президенттің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» № 620 Жарлығымен елімізде мамандандырылған тергеу соттарын құру қаулы етілді.
Құжатқа сәйкес,
- Ақмола облысы Көкшетау қаласының;
- Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының;
- Алматы облысы Талдықорған қаласының;
- Атырау облысы Атырау қаласының;
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының;
- Жамбыл облысы Тараз қаласының;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының;
- Қарағанды облысы Қарағанды қаласының;
- Қостанай облысы Қостанай қаласының;
- Қызылорда облысы Қызылорда қаласының;
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының;
- Павлодар облысы Павлодар қаласының;
- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының;
- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соттары құрылады.
Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылатын болады.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Пікір