Өскеменде медицина саласының IT мамандары мамандығы оқыталады

Бүгінде инженер-медтехниктер мамандығы еліміздегі ешбір оқу орнында оқытылмайды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (ШҚМТУ) IT-дәрігерлер 2 бағыт бойынша оқытылады. Олар: медтехника және телемедицина. Жаңа мамандарға ШҚМТУ оқытушылары, Беларусь Республикасы мен Аустрия елдерінен шақырылған мамандар сабақ беретін болады.

«Қазақстанда инженер-медтехниктер өте тапшы. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың IT мамандықтарын меңгеріп шыққан түлектердің осы салада жұмыс істеуі үшін шетелдерде қайта оқып келіп жатқанын білеміз. Енді жастардың Қазақстанда осы сала бойынша білім алуына мүмкіндік туды», — деп атап өтті профессор Талант Рыспаев.