Баян Мақсатқызы «Қыз Жібекке» өмір бойы 1 млн теңге зейнетақы төлейтін болды

Продюсер Баян Мақсатқызы актриса Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сонымен қатар ол Меруерт Өтекешоваға сыйлық ретінде тон тарту етті.

Осы фильмдегі рөліңіз үшін, қазақ мәдениетіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс айта отырып, өз атымнан және жолдасымның атынан өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге беріп отырамыз, – деді Баян Мақсатқызы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Продюсердің айтуынша, ел мәдениетіне үлес қосқан көптеген әртіс уақыт өте келе ұмыт қалып жатады. Осыған байланысты ол меценаттарды өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетуге шақырды.

Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешованы «Мәңгі Қыз Жібек» әрі қазақ қыздарының символы деп атап, келесі жылы өтетін «Қазақ Аруы» байқауына құрметті қонақ ретінде шақырды.

Еске салайық, әртіс Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолын продюсер Баян Мақсатқызына сыйға тартты. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да