Аргентинадағы мектепте Димаш Құдайбергеннің атына музыка кабинеті ашылды

Не болды?

Димаш Құдайбергеннің Аргентинадағы жанкүйерлері әншінің атына музыка кабинетін ашты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Dimash news басылымының мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Аргентинадағы музыка аспаптары жоқ мектептерді қолдау үшін қайырымдылық жобасын бастады. Олар Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектебінде музыка кабинетін ашты.

Димаш Құдайбергеннің Аргентинадағы жанкүйерлері
Фото: Dimash news 

Негізі Аргентинадағы мектептер атақты тұлғалардың есімін қайтыс болғаннан кейін ғана ұлықтайды. Дегенмен мектеп әкімшілігі әншінің халықаралық мәдениетке қосқан үлесін ескеріп, музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің атын берді, — делінген хабарламада.

«Бұл жоба Аргентинадағы басқа мектептерде де жалғасады»

Жоба Аргентинадағы Димаштың жанкүйерлері мен «La Era Dimash» командасының қолдауы арқылы жүзеге асты. Димаштың жанкүйерлері бұл жоба Аргентинадағы басқа мектептерде де жалғасатынын айтты. Олар музыка жұртты біріктіріп, балаларды шабыттандырып, ел арасындағы мәдени байланысты нығайтады деп есептейді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар әншінің шығармашылығы мен қазақтың ұлттық құндылығы жайлы іс-шара өткізді. Мектеп көрмесіне қазақтың ұлттық киімдері қойылды.

Контекст

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да