Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Қыз Жібек» камзолы: министрлік Баян Мақсатқызының жазбасына қатысты пікір айтты

Фото: Wikipedia.org
Мәдениет және ақпарат министрлігі желіде продюсер Баян Мақсатқызының «Қыз Жібек» фильміндегі камзолына қатысты жариялаған жазбасына түсініктеме берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде қолданылған камзолдың түпнұсқасы сақталып тұр. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Ал әлеуметтік желіде көрсетілген екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі қазір анықталып жатыр.

«Қазақфильм» киностудиясы ұлттық фильмдерде қолданылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен тарихи маңызы бар заттарды жинақтау, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Бұл шаралар ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар киностудия жанынан заманауи талаптарға сай келетін жаңа музей ашу жоспарланып отыр. Онда отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар көпшілік назарына ұсынылады, — делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, продюсер Баян Мақсатқызы әртіс Меруерт Өтекеш «Қыз Жібек» фильміндегі камзолын сыйлағанын айтқан еді.

«Мен бұл киімді өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Себебі бұл қамзолды Меруерт Өтекеш «Қыз Жібек» фильмінде киген. Бұл — 50 жылдық тарихы бар камзол», — деген ол.