Енді Астанадан Ереванға тіке ұшып баруға болады

Не болды?

2026 жылғы 20 сәуірден бастап Астанадан Ереванға, яғни, Арменияның астанасына тіке ұшып баруға болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана халықаралық әуежайының мәліметіне қарағанда, Астана — Ереван — Астана бағытында жаңа әуе рейсі ашылады. Shirak Avia компаниясының ұшақтары әр дүйсенбі екі ел арасында қатынайды.

Тікелей әуе рейсінің ашылуы Қазақстан мен Армения арасында жолаушылардың ыңғайлы қатынауына, туризм мен мәдени байланыстың дамуына ықпал етеді, — делінген хабарлама.

Контекст

Естеріңізге салайық, Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейстері ашылады.