Атырауда полиция басшылары не үшін қызметінен босатылды?

Атырау облысы полициясында кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған бірнеше лауазымды тұлға қызметінен шеттетілген.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сонымен қатар облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешім қызметтік-әскери тәртіптің бұзылуы, бақылаудың әлсіздігі және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан қабылданған. Ішкі істер министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да